Қазақстандық нокаутшы Жүкембаев Данияр Елеусіновтің салмағына өтпек » Vesti.kz

0
Алғашқы орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық кәсіпқой Батыр Жүкембаев (14-0, 12 КО) жартылай орта дивизионға өтуі мүмкін. Бұл туралы Vesti.kz тілшісіне боксшының командасына жақын мәлімет көзі айтты. 

Әзірге Жүкембаев жаңа салмаққа өтуді қарастырып отыр. Қазір оған түрлі ұсыныстар түсіп жатыр, соның ішінде карьерасын жартылай орта салмақта жалғастыру бойынша қызығарлықтары да бар. Боксшының өзі бұған қатытсы жоспарлары жайында жақын арада мәлімдейді. 

Жартылай орта салмақта Олимпиада чемпионы — Данияр Елеусінов (5-0, 3 КО) жұдырықтасып жүр. Ал бұл дивизиондағы чемпиондық белбеулер америкалық Шон Портер (WBC), Кит Турман (WBA Super), Эррол Спенс (IBF) және Теренс Кроуфордта (WBO).

«Белбеу мен қай жерде екенін көрсетіңіздер кез келгенмен жұдырықтасам». Жүкембаев алдағы жоспарлары туралы

Мұның алдында Жүкембаев пен Eye Of Tiger Managment промоутерлік компаниясының басшысы Камиль Эстефан арасында араздық пайда болғаны хабарланған еді. Дегенмен екі арадағы келісімшарт әлі күшінде. 

Айта кетейік, 26 қаңтар Монреальда Жүкембаев канадалық Матье Жерменмен (16-0, 8 КО) жұдырықтасу керек болатын, алайда, IBF нұсқасы бойынша Солтүстік Америка чемпионы жекпе-жектен бас тартты.

27 жастағы Жүкембаев 2015 жылдан бері кәсіпқой рингте және барлық жекпе-жегін Канадада өткізді. 

Жүкембаев чемпиондық белбеу үшін Golden Boy Promotions атынан жұдырықтасуы мүмкін

Дереккөз: http://kaz.vesti.kz/