Қазақстандық киберспортшылар чемпиондық үшін бақ сынайды

0
51

Бурабай курортында компьютерлік ойындар түрлерінен «Burabay Cyber cup» Қазақстан чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Ақмола облысының «Visit Aqmola» туристік ақпараттық орталығының мәліметі бойынша, жарыс 6 сәуір күні Щучье қаласындағы Олимпиадаға даярлық орталығы аумағында өтеді. Чемпионат отандық командалар арасында екі кезеңмен өткізіледі.

Бірінші кезеңі 23 наурызда чемпионаттың ресми сайтында онлайн режімде өткізілсе, финалдық ойын Щучье қаласындағы Олимпиадаға даярлық орталығында жалғасын табады. Финалда 4 команда Counter-Strike-тің 2 тәртібі (Global Offensive және Dota 2) бойынша кездеседі. 

Дегенмен, қазіргі кезде қазақстандағы киберспортшылардың табысы 130 елдің ішінде 35-орында. Еліміздегі киберспортшыларға тігілетін сыйлық көлемі 1,5 миллион АҚШ долларын құрайды.  Ал Қазақстандағы кәсіби геймерлердің саны 400-ден асады. 

Қазақстандық киберспортшы қол жеткізген ірі жеңіс –  «Gambit» командасының Польшада өткен Counter-Strike Global Offensive жарысы. Онда үш қазақстандық турнир чемпионы атағын және 500 мың доллар ақшаны жеңіп алды.  



Дереккөз: prosports.kz/kz