Қазақстандық киберспортшы АҚШ-та LAN-турниріне жолдаманы жеңіп алды

Virtus.pro командасында сапында ойнайтын қазақстандық киберспортшы Олжас Naiman Батырбеков Chronosphere Cup #2 онлайн турнирінде топ жарды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.
Artifact ойыны бойынша бақ сынаған Олжас Батырбеков финалда Сергей Arh Sart Ревинді 2:1 есебімен жеңіп, жеңімпаз атанды. Сондай-ақ, Naiman 6-7 сәуір күні АҚШ-тың Лейквуд қаласында өтетін LAN-турнирге жолдама мен $1 000 долларды қанжығасына байлады.
Дереккөз: prosports.kz/kz