Қазақстандық кәсіпқой рингтегі сегізінші жекпе-жегін нокаутпен жеңді » Vesti.kz

0
Бірінші ауыр салмақта жұдырықтасатын қазақстандық боксшы Али Балоев нигериялық Афинни Абиодунды нокаутқа түсірді, — деп хабарлайды Vesti.kz.

Жекпе-жек Мәскеуде өтті. Кездесу сегіз раундқа есептелген еді, алайда, Балоев кездесудің соңына таман қарсыласын нокаутқа түсірді.

25 жастағы Балоев сегзі жекпе-жегінің барлығында жеңіске жетіп отыр (7 нокаут). Ал Абиодун Африка құрлығынан бірінші рет сырт елде жұдырықтасып, екінші рет жеңіліп тұр. Ол осыған дейін алты кездесуде жеңіске жетіп, бесеуін мерзімінен бұрын аяқтаған. Сондай-ақ, бір кездесуде тең түскен.

Бұл кештегі басқа жекпе-жектерде Нұрсұлтан Жаңабаев (6-0, 4 КО) төрешілер шешімімен Мэнни Пакьяоның спарринг-серіктесі — Арней Тинампайды жеңіп, алғашқы орта салмақта WBC Asia белбеуін иеленді. Жартылай жеңіл салмақта қазақстандық Константин Брусенский кәсіпқой рингтегі алғашқы жекпе-жегін нокаутпен жеңді, ал Айдос Ербосынұлы (10-0, 8 КО) бельгиялық Илияс Ачергиді (12-4-1, 6 КО) жеңіп, екінші орта салмақта WBO Global белбеуін иеленді.

Дереккөз: http://kaz.vesti.kz/