Қазақстандық гимнастар Мельбурндегі әлем кубогында үздік ондыққа кірді

0

Австралияның Мельбурн қаласында спорттық гимнастикадан кезекті әлем кубогі мәресіне жетті. Қазақстан сапынан үш спортшы финалда бақ сынап, алғашқы ондыққа енді, деп хабарлайды ҰОК баспасөз қызметі.

Ерлер арасында Аким Мусаев пен Милад Карими ақтық сынға жолдама алған болатын. Мусаев гимнастикалық қоссырық пен ат снарядында 7-ші орын иеленді.

Милад Карими қол тіреп секіру және гимнастикалық кермедегі жаттығу бойынша 8-ші орыннан көрінді.

Қыздар арасындағы бәсекеде еркін жаттығудан финалда сынға түскен Аида Бауыржанқызы 7-ші орында.



Дереккөз: prosports.kz/kz