Қазақстандық боксшылар Лондонда қарсыластарын нокаутпен жеңді » Vesti.kz
Қазақстандық кәсіби боксшылар Нұртас Әжбенов пен Сұлтан Зауырбек Лондондағы York Hall аренасында болған бокс кешінде жекпе-жек өткізді, — деп хабарлайды Vesti.kz.
Бірінші жартылай орта салмақта жұдырықтасатын 24 жастағы Әжбенов бірінші раундта 35 жастағы хорват Анто Накичті нокаутқа түсірді. Осылайша, қазақстандық боксшы кәсіби жекпе-жектегі екінші кездесуінде жеңіске жетсе, қарсыласы мансабында 18-нші рет жеңіліс тапқан.
2014 жылғы жастар чемпионатының күміс жүлдегері Сұлтан Зауырбек өзінің үшінші кездесуінде хорват Антонио Хорватичті уақытынан бұрын жеңді. Екінші жартылай жеңіл салмақтағы кездесу де бірінші раундта нокаутпен аяқталды.
— Sultan zaurbek (@SultanZaurbek) 14 декабря 2018 г.
Әжбенов пен Зауырбек MTK Global менеджерлік компаниясымен биыл маусымда келісімшарт жасасты. Ұйымның басты жұлдыздары орта салмақтағы Билли Джо Сондерс пен супер ауыр салмақтағы Тайсон Фьюри.
Қандыағаштық Нұртас Әжбенов. © instagram/azhbenov.nurtas
Шымкенттік Сұлтан Зауырбек. © instagram/team_sultan_zaurbek
Қазақстандық кәсіби боксшылар 26 қазанда алғашқы жекпе-жектерін өткізген еді. Ол кезде Әжбенов никарагуалық Элиджио Паласиосаны ұпай саны бойынша жеңді. Зауырбек никарагуалық Хосе Агилардан басым түсті. 24 қарашада Монакода Зауырбек тағы бір никарагуалық Джонсон Теллесті нокаутқа түсірді.
Дереккөз: http://kaz.vesti.kz/