Қазақстандық балуан әлем чемпионатында қола жүлдені жеңіп алды

0

Қазақстандық балуан Жәмилә Бақбергенова әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды «КZNEWS.KZ» тілшісі»Адырна» сайтына сілтеме жасап.

Спортшы Жәмилә Бақбергенова Сербия астанасы Белград қаласында күрес түрлерінен өтіп жатқан жарыста қола үшін жекпе-жекте польшалық Наталья Ивона Стшалкамен кездесіп, оны 4-1 есебімен жеңді.

Отандасымыз 72 келі салмақта чемпионатты 1/8 айналымнан бастап, Еуропа чемпионатының қола жүлдегері сербиялық споршы Фанни Нагиды, кейін Ресейдің балуаны Ксения Буракованы жеңді.

Алайда жартылай финалда жерлесіміз моңғолиялық Дааванасан Енкх Амарға есе жіберіп алды. Жекпе-жек 2:6 есебімен аяқталды.

Бұл 27 жастағы қазақстандық спортшы Жәмиләнің дүниежүзі бәсекесіндегі қатарынан үшінші жүлдесі. Ол 2019 жылы Ослода, былтыр Белградта күміс жүлдеге ие болған.