Қазақстан-Шотландия, Қазақстан-Ресей матчтарының билеті сатылымға шықты

0

2020 жылғы Еуропа Чемпионатының іріктеу кезеңіндегі Қазақстан-Шотландия және Қазақстан-Ресей ойындарының билеттері сатылымға шықты.

Билеттерді «Астана Арена» стадионының кассаларынан 17-24 наурыз аралығында сатып алуға болады. 

Билет құны 500-5000 теңге аралығында. Электронды билеттерді ticketon.kz сайтынан алуға болады. 

Айта кетейік, Қазақстан-Шотландия ойыны 21 наурыз күні «Астана Арена» стадионында 21:00-де басталады. 

Ал Қазақстан-Ресей ойыны 24 наурыз күні «Астана Арена» стадионында 20:00-де басталады.



Дереккөз: prosports.kz/kz