Қазақстан құрамасының бұрынғы ойыншысы «Оснобрюк» сапында гол салды
Қазақстан құрамасының бұрынғы ойыншысы Константин Энгель «Оснабюрк» сапында Германия үшінші лигасының 26-турында «Карлсруэ» командасына қарсы ойнады.
Энгель сырт алаңда өткен матчта гол соғып, есепті 1:1 қылған еді. Бірақ «Карлсруэ» 85-минутта жеңісті жұлып әкетті – 2:1.
26-турдан соң Энгель ойнайтын «Оснабрюк» өз лигасында 51 ұпаймен көш бастап келеді.
Естеріңізге салсақ, Константин Энгель Қазақстан құрамасы сапында 11 матчқа қатысты.
«Карлсруэ» — «Оснабрюк» 2:1 (0:0)
Голдар: Пурье 48 (1:0), Энгель 66 (1:1), Гордон 85 (2:1).
Дереккөз: prosports.kz/kz