Қазақстан құрамасының бұрынғы бапкері «Таразды» жаттықтыратын болды » Vesti.kz

59 жастағы қазақстандық маман Вахид Масудов «Тараздың» бас бапкері болып тағайындалды. Бұл туралы клубтың ресми сайтында жарияланған.
Бас бапкер бүгін, 10 желтоқсанда «Тараз» ұжымына таныстырылды. 1999-2000 жылдары аралығы Масудов бұл клубты басқарған болатын.
Өткен маусымда «Тараз» Нүркен Мазбаевтың жаттықтыруымен алғашқы лигада екінші болды да, премьер-лигаға жолдама ұтып алды.
Сонымен қатар, Масудов «Тараздан» бөлек «Қайрат», «Шахтер», «Локомотив» (қазір — «Астана»), «Атырау», «Восток» және «Ордабасы» клубтары мен Қазақстанның ұлттық және жастар құрамасын жаттықтырды. 2009 жылы «Атырауды» жаттықтырып, Ел Кубогын жеңіп алған.