Қазақстан құрамасының бұрынғы бапкері ресейлік клубты жаттықтыруы мүмкін
Футболдан Қазақстан құрамасының бұрынғы бас бапкері Юрий Красножан Ресей Премьер-лигасында ойнайтын «Енисей» клубын жаттықтыруы ықтимал, деп xабарлайды Prosports.kz сайты.
«Спорт Экспресс» ақпаратына сүйенсек, осы айда Красножан келіссөз жүргізу үшін Красноярск қаласында ұшып барған.
Красножанның соңғы клубы мәскеулік «Химки» болған еді.
«Енисей» қазір 11 ұпаймен Ресей Премьер-лигасының соңғы орнында келе жатыр.
Айта кетейік, ресейлік бапкер Қазақстан құрамасын 2014-2015 жылдары жаттықтырған болатын. Ол баптаған кезде Қазақстан Еуро-2016 іріктеу кезеңінде соңғы орын алған еді.
Дереккөз: prosports.kz/kz