Қазақстан құрамасы Швейцарияны ірі есеппен ұтты

0

Хоккейден Қазақстан студенттер құрамасы Универсиада аясындағы төртінші кездесуін өткізді, деп хабарлады Prosports.kz.

Біздің жас хоккейшілердің кезекті қарсыласы Швейцария құрамасы болған. Бұл ойында Қазақстан студенттер құрамасы еш қиындықсыз жеңіске жетті. Есеп 0:7.

Осылайша, қазақстандықтар топтағы алғашқы төрт ойында да жеңіске жетті. Келесі қарсылас Канада хоккейшілері. Қос құрама топ көшбасшылыға таласады.

Швейцария — Қазақстан 0:7 (0:3, 0:2, 0:2) 

04:01 – 0:1 – Никулин (Гурков) 
14:43 – 0:2 – Шестаков (Лихотников, Нургалиев) 
15:31 – 0:3 – Некряч (Пелевин) 
28:44 – 0:4 – Гурин (Некряч, Шалапов) 
32:55 – 0:5 – Гурин 
46:12 – 0:6 – Шетле (Ибрайбеков, Клещенко) 
57:16 – 0:7 – Яковлев (Шалапов, Гурин) 

Қақпашылар: Севидов – Ленце



Дереккөз: prosports.kz/kz