Қазақстан құрамасы Астанада Латвиямен тең ойнады » Vesti.kz
Бірінші таймда Гафуржан Сүйімбаевтың соққан голы Қазақстанды алға шығарған.
Алайда екінші тайм басында қонақтар шабуылын үдетіп, қақпа алдындағы қарбаласта Денис Ракель есепті теңестіріп кетті.
Станимир Стойлов жаттықтыратын ұлттық құрама шабуылда ширақ ойнағанмен, гол соғатын сәттер аз болды. Мүмкіндік болғанмен, шеберлік жетіспеді. Шеберлік жетіскен тұста, қарсыластары қырағылық танытты. Нәтижесінде екі құрама да бір-бір ұпайдан еншілеп, еселерін жіберген жоқ.
13 қазан күні Ригада өткен ойында да екі құрама 1:1 есебімен тең тарқасқан болатын. Бұл жолы да сол есеп қайталанды.
Қазақстан құрамасы топтағы соңғы ойынын 19 қараша күні түзде Грузия құрамасына қарсы өткізеді. Осы ойынмен ұлттық құраманың Ұлттар лигасындағы бәсекесі аяқталады. Ал топта бірінші орын алған грузиндер 2020 жылғы Еуропа чемпионаты жолдамасына таласын жалғастырады.