Қазақстан Хорватияны жеңді

Футзалдан Қазақстан құрамасы Алматыда өткен жолдастық кездесуде Хорватияны жеңді. Матч 2:1 есебімен алаң иелерінің пайдасына шешілді.
Қазақстан сапында Біржан Оразов пен Шыңғыс Есенамановтар гол авторы атанды.
Ертең қос құрама тағы бір кездесу өткізеді.