Қазақстан әйелдер құрамасы «Turkish Women’s Cup 2019» турниріне қатысады

0

25 ақпан мен 8 наурыз аралығында Түркияның Аланья қаласында FIFA аясында жыл сайынғы «Turkish Women’s Cup» халықаралық турнирі өтеді. 

Турнирдің ойындары ресми болмақ. Сол себепті FIFA рейтингінде ескеріледі. 

Қазақстан әйелдер құрамасы турнирге дайындық аясында Түркияда 16-24 ақпан аралығында оқу-жаттығу жиынын өткізеді. 

Оқу-жаттығу жиыны мен турнирге қатысу мүмкіндігі Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиадалық комитетінің қаржыландыруымен жүзеге асты. 

Қазақстан әйелдер құрамасының бас бапкері Рәзия Нүркенова оқу-жаттығу жиынына 22 футболшыны шақырды: 

Қақпашылар: Оксана Железняк («БИІК-Қазығұрт»), Ирина Сандалова («Оқжетпес»), Ангелина Портнова (РСШИКОР, Астана);

Қорғаушылар: Екатерина Бабшук, Мария Демидова, Юлия Мясникова (барлығы — «БИІК-Қазығұрт»), Бибігүл Нұрышева («Оқжетпес»), Құндыз Қожахмет (ДЮСШ №17, Қызылорда), Әсем Жақсымбай (ДЮСШ №2, Ақтөбе);

Жартылай қорғаушылар: Аида Гайстенова («Енисей», Ресей), Карина Жұмабайқызы, Камила Құлмағамбетова, Ксения Хайрулина, Адиля Вылданова, Светлана Бортникова (барлығы — «БИІК-Қазығұрт»), Әселхан Тұрлыбекова, Виктория Попкова (екеуі де — ДЮСШ №7, Шымкент), Әсемгүл Аруова («РСШИКОР», Астана); 

Шабуылшылар: Сәуле Кәрібаева («БИІК-Қазығұрт»), Арайлым Орынбасарова, Аида Смағұлова, Карина Әділханова (барлығы — РСШИКОР, Астана);

Жаттықтырушылар штабы: Рәзия Нүркенова — бас бапкер, Айтбай Жамантаев — бас бапкердің кеңесшісі, Орынбасар Дәуренбекова — бас бапкердің көмекшісі, Александр Убыкин — қақпашылардың жаттықтырушысы, Арстанбек Баттаков — дәрігер, Талғат Нұрмұхамбетов — администратор, Анастасия Журавлева — менеджер.



Дереккөз: prosports.kz/kz