Қазақ боксшысы қарсыласын алғашқы минуттарда-ақ нокаутқа түсірді

Қазақстандық боксшы Еділ Қожамбердиев мексикалық қарсыласы Хуан Карлос Мореноны кездесудің алғашқы минуттарында-ақ нокаутқа түсірді.
Қазақстандық пен мексикалықтың арасындағы кездесу Мексиканың Тихуан қаласында өткен.
Жекпе-жекте 32 жастағы Еділ Қожамбердиев бірінші раундта қарсыласын нокаутқа түсіріп, төрт раундты жекпе-жекті мерзімінен бұрын аяқтады.
Бұл қазақстандық боксшының кәсіби шаршы алаңда жеткен алтыншы жеңісі. Ал Қожамберидевке есе жіберген мексикалық спортшы өз есебіне 27-ші жеңілісін тіркеді.
Дереккөз: prosports.kz/kz