Қазақ боксшы Мэнни Пакьяоның спарринг-серігін жеңіп, WBC чемпионы атанды » Vesti.kz

0
Қазақстандық боксшы Нұрсұлтан Жаңабаев алғашқы орта салмақта WBC Asia белбеуі үшін жекпе-жекте филипиндк Арней Тинампайды жеңді, – деп хабарлайды Vesti.kz.

Жекпе-жек Мәскеуде өтіп, он раундтан тұрды. Карьерасында титул үшін алғаш рет жұдырықтасқан Жаңабаев төрешілер шешімімен жеңді. 

26 жастағы Жаңабаев кәсіпқой рингте алтыншы рет жұдырықтасып тұр және бәрінде жеңіске жеткен (4 нокаут). Үш кездесу Ресейде өтті, екі рет Қытайда және бір рет Қазақстанда жұдырықтасқан. Ал кәсіпқой боксқа 2016 жылы өткен. 

Ал оның қарсыласы – 34 жастағы Тинампай карьерасында 22-ші рет жеңіліп тұр, бірақ, ешқашан нокаутқа түскен емес. Кәсіпқой рингте 2003 жылдан бері жұдырықтасып келеді. Содан бері 25 жеңіске жеткен (11 нокаут) және бір рет тең түскен.

Айта кетейік, Тинампай көп жылдан бері аңызға айналған филиппин – жартылай орта салмақта WBA чемпионы Мэнни Пакьяоның (60-7-2, 39 КО) спарринг-серігі болып келеді. 

Дереккөз: http://kaz.vesti.kz/

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз