«Қайсардың» жас футболшылары Ташкентке аттанды

Қызылордалық «Қайсардың» Фарм-клубы саналатын «Байқоңыр» мен жастар командасы — «Қайсар Ж» оқу-жаттығу жиынын өткізу үшін Ташкент қаласына аттанды.
Екі команда да оқу-жаттығу жиындарында бірнеше жолдастық кездесу өткізуді жоспарлап отыр. 10 күнге жалғасатын жаттығу жиынында тактикалық және физикалық тұрғыда дайындықтар пысықталады.
Дереккөз: prosports.kz/kz