«Қайраттың» жаңа бапкері Қазақстан құрамасы футболшыларын командадан кетпеуін сұрады

0
Алматылық «Қайраттың» белоруссиялық бапкері Алексей Шпилевский Қазақстан құрамасының қорғаушылары Ғафуржан Сүйімбаев пен Елдос Ахметовты команадада қалдырмақ ниетте, — деп хабарлайды Vesti.kz.

Сүйімбаевты «Ордабасы» өз сапына алғысы келген, шымкенттік команданың бапкері Кахабер Цхададзе «Қайратта» жұмыс істеген және 28 жастағы футболшының мүмкіндіктерін жақсы біледі. 

Ал Ахметовты «Ертісті» жаттқытыратын бапкер Димитар Димитров өз команадсының сапында көргісі келген. 2016 жылы болгариялық маман Ахметовпен павлодарлық клубта бірге істеген. 

Алайда «Қайраттың» жаңа бапкері Сүйімбаев пен Ахметовты қоса, бірқатар футболшымен тілдесті. 30 жастағы бапкер жаңа мауысмда футболшыларға сенім артатынын айтты. 

Сүйімбаев «Қайрат» сапына 2016 жылы қосылып, содан бері екі рет ел Кубогын иеленген. Сонымен қатар, 2017 жылы Қазақстан Суперкубогын алып, үш рет ҚПЛ-дің күміс жүлдегері болды. 

Ахметов болса алматылық клубқа Сүйімбаевтан соң жарты жыл өте келді. Оған дейін футболшы «Тараз», «Астана» мен «Ертіс» сапында ойнаған.