«Қайраттың» бұрынғы ойыншысының хет-тригі «Аль-Таавонға» жеңіс әкелді

Сауд Арабиясының 23-туры аясындағы чемпионатта «Аль-Таавон» клубы «Аль-Иттифакты» жеңді, хабарлайды Prosports.kz сайты.
Матч 4:1 есебімен алаң иелерінің пайдасына шешілді. «Аль-Таавон» сапынан алматылық «Қайраттың» бұрынғы ойыншысы Леандре Тавамба хет-трик орындады және Адам Абдулфаттахт гол соқты.
Тавамба «Қайрат» сапында 2016 жылы өнер көрсеткен болатын. Форвард алматылық клубтың 23 матчына қатысып, 4 голдың авторы атанған болатын.
Дереккөз: prosports.kz/kz