«Қайраттың» бұрынғы бапкері африкалық команданы тізгіндеді

0

Алматылық «Қайрат» клубының бұрынғы бас бапкері Карлос Алос Феррер мароккалық команданы тізгіндеді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

43 жастағы испан маманы «ФАР Рабат» клубымен келісімшартқа отырды. Бұл туралы Карлос Алостың өзі Instagram парақшасында мәлімдеді.

Айта кетейік, өткен жылдың шілде айында алматылық команданың басшылығы Карлос Алосты сәтсіз нәтижелерінен соң келісімшартты екі жақтың келісімімен үзген болатын. Карлос Алос «Қайраттың» тізгінін 2017 жылдың шілдесінде ұстаған болатын. Оның жаттықтыруымен команда Қазақстан Кубогын ғана жеңіп алды.



prosports.kz