«Қайраттағы» қиындықтар алыстан көзге ұрады». Стойлов «Астана» бапкері және алматылықтардың ескертуге реніші жайлы
«Гришамен жақсы қарым-қатынастамыз. Мені жақсы түсінетін, барлық жағынан демесетін: жаттығуларда, футболды дамытуда, қарсыластар туралы ақпарат беретін және тағы сол сияқты. Онсыз қиын болды. Футболда оның болашағы зор. Бапкер болып қала ма білмеймін, жетекші бола ма, қалай болғанда ол футболда үлкен істер атқарады. Қоңырау шалысып тұрамыз. Көбіне бұл жай ғана тілдесу. Бізден алған басты қыры — ойындағы және командадағы қиындықтарды іздеу, оны шешу.
Бір ойынды ұтып, командада бәрі дұрыс деп ойлайтын бапкерлер көп. Мәселен, «Қайраттың» ойынын бақыладым, Кубок матчінде болдым және тағы басқа. Алғашқы ойыннан-ақ қиындықтар байқалды, футболшылардың физикалық дайындығы бойынша. Бапкерге айттым: «футболшылардың ұйымдасуы және физикалық көрсеткіштері ұнамайды дедім». Ол ренжіп қалғандай болды. «Құрама бапкері ойыншылардың кондициясын бақыламай-ақ қойғаны жөн» деді. Ойлану керек. Ренжудің не керегі бар? «Қайраттың» қиындықтарын ұшақта отырып көруге болады. Қиындықтарды көріп, оларды шешу қажет», — дейді стойлов.