«Қайрат» бас бапкер ретінде Шпилевскийден басқа да мамандарды қарастырған » Vesti.kz

0
Аламытылық «Қайрат» Алексей Шпилевскийді бас бапкер етіп айлмай тұрып, бұл қызметке басқа да мамандарды қарастырған. 

Vesti.kz ақпараты бойынша, бұл орынға Станимир Стойлов, сонымен қатар, Владимир Вайсс келуі мүмкін еді. Үшінші үміткер Карлос Алос кеткеннен кейін бас бапкердің міндетін атқарған Андрей Капович болды. 

Қазақстанның ең жолы болған бапкері Стойлов ұлттық құраманы жаттықтыра беруді қалады. Оның жаттықтыруымен Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасында Вайсс дайындап келген Грузия құрамасынан ғана ұтылып, екінші болды. 

Вайсстың «Қайратқа» оралуынан клуб бас тартты, дегенмен, бір кездері словакиялық маманға басымдық қойылған еді. 2013 және 2015 жылдар аралығы ол «Қайратты» жатықтырған, бірақ, ол кезде алматылықтар Қазақстан чемпионы бола алмады. 

Ал чемпионаттың шешуші турларындағы «Қайраттың» нашар ойындары мен жекелей жаттықтыруының аз болуы Карповичке бас бапкер атануға бөгет тудырды. 

Еске салайық, 25 қарашада «Қайрат» жаңа бас бапкер Алексей Шпилевскийді ресми таныстырды. 30 жастағы белорустың штабына екі көмекші – Христос Пападопоулос және Томми Яниген кірді.

Алматылық клуб пен Шпилевский арасындағы келісімшарт мерзімі мен оның егжей-тегжейі айтылмады. Сонымен бірге, командада Қазақстан құрамасы мен «Қайраттың» бұрынғы жартылай қорғаушысы Андрей Карпович қала ма, жоқ па нақтыланбады. 

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз