Қайрат Ахметов қатысатын Гран-При қатысушарының тізімі анықталды

ONE Championship аса жеңіл салмақ дәрежесінде Гран-При өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.
Гран-Приге қазақстандық Қайрат Ахметов (22-2, 5 KO) қатысады. Барлығы 8 спортшы Гран-Придің басты жүлдесі, аса жеңіл салмақтағы чемпиондық белбеуге таласады.
Ахметов алғашқы жекпе-жегінде австралиялық Рис Макларенмен (12-5, 2 KO) кездеседі.
Гран-Придің қатысушылары алғашқы жекпе-жектерін бір күнде, 31-ші наурыз күні Токио қаласында өткізеді.
Дереккөз: prosports.kz/kz