Павел Колмаков алғашқы алтылыққа енді
Ресейдің Красноярск қаласында өтіп жатқан қысқы Универсиада ойындарында фристайл-могулдан ерлер арасындағы жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды деп хабарлайды Olympic.kz.
Бұл сынға Қазақстан атынан қатысқан Павел Колмаков алтыншы орын иеленді.
Могулшылар бәсекесінде франциялық Бенджамин Кавет жеңімпаз атанса, күміс және қола жүлдені жапониялық Даичи Хара мен Икума Хоришима иеленді.
Еске сала кетейік, бүгн Универсиада ойындарында Элизабет Тұрсынбаева мәнерлеп сырғанаудан күміс жүлдегер атанған болатын.
Дереккөз: prosports.kz/kz