«Өтемұратов шақырған»: Әйгілі Новак Джокович Астанадағы беделді турнирге қатысатын болды

0

«Үлкен дулыға» турнирінің 21 мәрте чемпионы, әлемнің бұрынғы бірінші ракеткасы Новак Джокович 1-9 қазан аралығында Астанад өтетін ATP 500 жарысына қатысады. Бұл туралы федерацияның ресми сайтына сілтеме жасаған Kznews.kz.

Қазақстан теннис федерациясының мәліметінше, сербиялық спортшы 23-25 қыркүйекеті Лондонда өтетін Лэйвер кубогына қатысады, содан кейін елордаға келеді. Спортшы тікелей Болат Өтемұратовтың шақыртуымен келе жатыр.

Сонымен қатар Astana Open додасында «Үлкен дулыға» турнирінің әр жылғы чемпиондары: Карлос Алькарас (№1 АТР), Даниил Медведев (№4 АТР), Марин Чилич (№16 АТР), Станислас Вавринка (WC) және Энди Маррей (WC) өнер көрсетеді. Сондай-ақ тізімде Стефанос Циципас (№6 АТР), Андрей Рублев (№9 АТР), Хуберт Хуркач (№10 АТР), Янник Синнер (№11 АТР), Феликс Оже-Альяссим (№13 АТР), Диего Шварцман (№17 АТР), Карен Хачанов (№18 АТР), Роберто Баутиста Агут (№21 АТР), Григор Димитров (№23 АТР), Гаэль Монфис (№32 АТР) бар. Жұптық сында да мықты ойыншылар жеткілікті. «Үлкен дулыға» жарысының жеңімпаздары: Джо Солсбери (1 АТР), Раджив Рам (2 АТР), Нил Скупски (3 АТР), Весли Колхоф (4 АТР), Жан-Жюльен Ройер (5 АТР), Марсело Аревало (6 АТР), Олимпиада чемпиондары, хорватиялықтар Никола Мектич – Мате Павич, колумбиялықтар Роберт Фарах – Хуан Себастьян Кабаль кортқа шықпақ.