«Осынша әлсіз қарсылас». Альвареске «Жыл боксшысы» атағын алуға Головкинді жеңу аздық етті

0
Белгілі Yahoo! Sports порталы бокс әлемі бойынша 2018 жылдың қорытындысын шығарып, «Жыл боксшысы» атағын кім жеңгенін жариялады.  

Бүкіл әлемдік бокс суперсериясының (WBSS) жеңімпазы, алғашқы ауыр салмақта абсолют чемпион, WBC, WBA (Super), WBO, IBF және The Ring белбеулерінің иегері украиналық Александр Усик осы атаққа да лайық болы.

«Жыл боксшысы» атануға үміткерлер қатарында қарымтада қазақстандық Геннадий Головкинді жеңген мексикалық Сауль «Канело» Альварес те болған.

«Альварес керемет жекпе-жекте Головкинді жеңіп, орта салмақта әлем чемпионы атанды, осыдан кейін қайта оралып, Рокки Филдингті сабап, екінші орта салмақтағы белбеуін тартып алды. Жақсы жыл, бірақ, бұл осы номинацияда жеңуге аздық етті. Өйткені Филдинг осынша әлсіңз қарсылас, ал Головкинді жеңуі осындай даулы болағандықтан, оның үстіне альварес екі допинг тестте ұсталды», — делінген ескермеде.

Yahoo! Sports ұсынған «Жыл боксшысы» тағаныа үміткерлер қатарында Наоя Иноуэ, Василий Ломаченко, Реджис Прогрейс, Хосе Рамирес, Кларреса Шилдс, Эррол Спенс, Теренс Кроуфорд және Майки Гарсия да болды.

Дереккөз: http://kaz.vesti.kz/