«Ордабасы» Еркебұлан Сейдахметтің трансфері жайлы ақпаратты жоққа шығарды

0

Шымкенттік «Ордабасы» командаға Еркебұлан Сейдахметтің ауысуы туралы ақпаратқа пікір білдірді. 

Клубтың баспасөз-қызметі БАҚ беттерінде тараған ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлім етті. 

«Негізгі командамыз толығымен құралып бітті деп айтуға болады. Біз бұл ойыншыға қызығып жатқан жоқпыз», — деді шымкенттік клубтың президенті Нұржан Қатаев. 

Айта кетейік, бұған дейін БАҚ беттерінде ресейлік «Уфа» мен Қазақстан құрамасының ойыншысы Еркебұлан Сейдахмет «Ордабасы» сапына ауысады деген ақпарат шыққан болатын. 



Дереккөз: prosports.kz/kz