«Ордабасы» Еркебұлан Сейдахметтің трансфері жайлы ақпаратты жоққа шығарды

Шымкенттік «Ордабасы» командаға Еркебұлан Сейдахметтің ауысуы туралы ақпаратқа пікір білдірді.
Клубтың баспасөз-қызметі БАҚ беттерінде тараған ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлім етті.
«Негізгі командамыз толығымен құралып бітті деп айтуға болады. Біз бұл ойыншыға қызығып жатқан жоқпыз», — деді шымкенттік клубтың президенті Нұржан Қатаев.
Айта кетейік, бұған дейін БАҚ беттерінде ресейлік «Уфа» мен Қазақстан құрамасының ойыншысы Еркебұлан Сейдахмет «Ордабасы» сапына ауысады деген ақпарат шыққан болатын.
Дереккөз: prosports.kz/kz