Ойыншыларды тіркеу маусымы басталды

0

2019 жылғы маусымда Лига жарыстарына қатысушы клубтардың құжаттарын қабылдау мерзімі басталды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Лига әкімшілігі бекіткен кесте бойынша әр клуб үшін арнайы қабылдау күні белгіленген.

Футболшылар, жаттықтырушылар және команда қызметкерлеріне берілген куәліктер бойынша Лиганың ресми сайтындағы клубтардың арнайы бөлімі жаңартылып отырады. Тіркеу мерзімі 3 сәуірге дейін созылады. 



Дереккөз: prosports.kz/kz