«Обригадо, Исаэль». Боранбаев «Қайраттың» көшбасшысымен қоштасты » Vesti.kz
«Қайраттың» Бақылау кеңесінің төрағасы Қайрат Боранбаев алматылық команданың бұрынғы жартылай қорғаушысы Исаэль Барбозамен қоштасты, — деп хабарлайды Vesti.kz.
«Obrigado, Исаэль», — деп жазыпты Боранбаев футболшымен ортақ суретін жариялап.
Жақында Исаэль 2014 жылдан бері ойнап келе жатқан «Қайрат» клубынан кеткені белгілі болды. Бес жылда ол «Қайрат» үшін барлық турнирде 174 матч өткізіп, 54 нәтижелі пас беріп, 41 гол салды. Осы уақытта ол ел чемпионатының төрт күмісі мен бір қола жүлдесін иеленді, екі рет Қазақстан кубогы мен Суперкубогын жеңіп алған.
Айта кетейік, Исаэль алматылық клубтан келісімшрты аяқталғандықтан кетіп отыр.
Оған дейін бразилиялық футболшы ресейлік «Краснодар», португалиялық «Насиональ» және түркиялық «Гиренсунспор» сапында ойнады, ал отанында «Форталеза», «Коритиба», «Спорт Ресифи» және «Гремио» намысын қорғаған.