Нурмагомедов пен Мейвезер жекпе-жегінің құны айтылды » Vesti.kz

0
Ресей бокс федерациясының бас хатшысы Умар Кремлев «Спорт-Экспресс» баслымына берген сұхбатында бокстан бес салмақта бұрынғы чемпион Флойд Мейвезер мен жеңіл салмақта UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов жекпе-жегінің өту мүмкіндігін бағамдап көрді. 

Кремлевтің ойынша, бұл шараның құны миллиард доллар болмақ, алайда, бұл ресейлік және шетелдік демеушілерді тарту арқылы жинауға болатын сомма. 

«Мына бір қойсүйгіш…». UFC-дің бұрынғы чемпионы Нурмагомедовты қатаң сөкті

«Хабиб Мейвезермен жұдырықтасатын болса, бұл мүмкін. Жекпе-жектің жазда Мәскеуде, «Лужники» стадионында өтуі үшін бәрін жасаймыз. Бастысы демеушілер табу, біздің ғана компанияларды емес, еуропалық, америкалықтарды да тарту. Жекпе-жек өтсе, біз үшін ғана емес, бүкіл ел үшін жақсы. 

Шетелден қанша жанкүйер келетінін елестетесіз бе? Ал шетелдік инвестиция қанша болады? Хабиб пен Мейвезер жекпе-жегі барлығына қызықты. Өткізу құны жалпы миллиард доллар деген ойдамын. Бұл кіріс пен шығыс. Оның үстіне түсім боларына сенімдімін. Болған кезде көререміз. Мейвезер — МакГрегор жекпе-жегіне демеуші болғандар да қатысқысы келеді деп ойлаймын. Өйткені жекпе-жек бүкіл әлемге көрсетіледі», — дейді Кремлев. 

Дереккөз: http://kaz.vesti.kz/