Нұралы Қиясов Денис Тенді өлтіргенін толықтай мойындады.
Денис Теннің өліміне күдікті Нұралы Қиясов спортшыны әдейі өлтірмегенін айтып ақталды, деп хабарлайды Prosports.kz NUR.KZ порталына сілтеме жасап.
— Қатты өкінемін. Кешіре алсаңыз, кешіріңізші мені. Түсінемін ол кісі ана, жүрегі ауырады. Денистің ата-анасынан, барша қазақстандықтардан кешірім сұраймын. Мен бұлай боларын білмедім. Біз ұрлыққа ғана бардық. Адам өлтіреміз деп ойлаған жоқпыз, шын. Сол себепті, қасақана адам өлтіру бабымен келіспеймін, — деді Қиясов.
Фото: sputniknews.kz