Нокдаунға түсіп тұрып жеңіске жеткен Ербосынұлы әлемдік рейтингте 37 саты жоғарлады

0
109
Екінші орта салмақта жұдырықтасатын Айдос Ербосынұлы (10-0, 8 КО) титулдық жекпе-жектегі жеңісінен кейін дивизион рейтингінде 37 саты көтерілді, – деп хабарлайды Vesti.kz.

Қазақстандық боксшы 23 желтоқсан Мәскеуде өткен бокс кешінде бельгиялық Илияс Ачергимен (12-4-1, 6 КО) жұдырықтасты. Төртінші раундта Ербосынұлы нокдаунға түсті, алайда, үзіліс кезінде бельгиялық иық жарақатына байланысты жекпе-жекті жалғастырудан бас тартты.

WBO Global белбеуі үшін жұдырықтасқан Ербосынұлы нокдаунға түсіп тұрып жеңіске жетті

Осылайша, Ербосынұлы екінші орта салмақта WBO Global чемпиондық белбеуін тақты. Бұл жетістік қазақстандық боксшыға BoxRec рейтингінде 59-шы орынға көтерілуге септесті.

27 жастағы Айдос он жекпе-жегінің барлығында жеңіске жеткен (сегіз нокаут). Бұл жекпе-жек оның Ресейде алғаш жұдырықтасуы, мұның алдында ол Украина мен АҚШ-та кездесулер өткізген. Сонымен бірге, бұған дейін Айдоста WBC Asia белбеуінің иегері болған еді.

Ал 25 жастағы Ачерги Бельгиядан тыс екінші рет жұдырықтасып, алғаш рет мерзімінен бұрын жеңіліп тұр. Енді оның есебінде төрт жеңіліс, 12 жеңіс (6 нокаут) және бір тең кездесу бар.

Дереккөз: http://kaz.vesti.kz/