Нокаутпен жеңістен кейін Елеусінов әлемдік рейтингте көтерілді » Vesti.kz

0
Қазақстандық Данияр Елеусінов пен Заурбек Сұлтан (2-0, 1 КО) Монакодағы жекпе-жектерін нокаутпен аяқтағаннан кейін әлемдік рейтингте көтерілді, – деп хабарлайды Vesti.kz.

«Казино де Монте-Карлодағы» шоу андеркартында олар никарагуалық боксшылармен: Елеусінов Маркос Мохикомен (16-3-2, 12 КО), ал Заурбек Джонсон Теллеспен (12-45-5, 6 КО) жұдырықтасқан болатын.

Осыдан кейін BoxRec рейтингінде Елеусінов орта салмақта 231-ші орыннан 184-ке көтерілді, ал Заурбек екінші жарылай жеңіл дивизионда 787-ші орыннан 641-ге жоғарлады. 

BoxRec рейтингіндегі орта салмақта 1 987, ал екінші жартылай жеңіл дивизионда – 1 476 боксшы бар. Мохика орта салмақта 463-ші, ал Теллес өз салмағында 1 164-ші орында.

27 жастағы Елеусінов кәсіпқой боксқа 2016 жылғы Рио Олимпиадасының чемпеионы болып тұрып ауысқан, ал 22 жастағы Заурбек әуесқой рингте 2016 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері. 

Айта кетейік, Монакодағы бокс кешінің басты жекпе-жегінде алғашқы ауыр салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы ресейлік Денис Лебедев (31-2, 23 КО) америкалық Майк Уилсонды (19-0, 8 КО) төрешілердің бір ауыздан шыққан шешімімен жеңді. Осылайша америкалық карьерасында алғаш жеңіліп отыр. 

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз