Nike оюмен жазылған GGG жейделерін сатылымға шығарды

0

Спорт киімдері мен тауарларын сататын әлемдік Nike дүкендер желісі GGG брендімен жейделер сатуды бастады, деп жазады Prosports.kz сайты.

Nike-тің ресми сайтында «No Draw», «BooGGGey Man» және «GGG» жазулары бар 8 түрлі жейде сатылымға шығарылған. Құны 10 мың теңгеден басталып, 25 мың теңгеге дейін барады. 

Бір айта кетерлігі, барлық жейдедегі «GGG» жазуы қазақтың ұлттық ою-өрнегімен көмкерілген.



prosports.kz