«Мұнайшы» стадионына соңғы үлгідегі көгал төселеді

0

Атырау облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының мәліметінше «Мұнайшы» стадионында жасанды жабынды төсеу бойынша алдын ала жұмыстар жүріп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Жоба қызметкерлері геологиялық, геодезиялық жұмыстарды жүргізуде. Бастапқы кезеңде топырақ құрамы жан-жақты зерттеледі, содан кейін тегістеледі.

«Бұл жұмыстар біраз уақытты қажет етеді, соңғы үлгідегі жасанды жабын төсеу керек, ол асығыстықты көтермейді», — деп хабарлады Атырау облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі.



Дереккөз: prosports.kz/kz