Модрич «Реалмен» жаңа келісім-шартқа отырады
«Реал» ойыншысы Лука Модрич корольдік клубпен жаңа келісім-шарт жасайды. 33 жастағы футболшы өз командасымен 2021 жылға дейін бірге болмақ.
Marca ақпаратына сүйенсек, 33 жастағы футболшы мадридтік ұжыммен 2021 жылға дейін жаңа келісімге келген. Модрич «Реал» сапында мансабын аяқтағысы келеді. Клуб та жартылай қорғаушының бұл ойын құптап отыр. Келісім-шарттың аяқталған уақытында Лука 36-ға толады.
Дереккөз: prosports.kz/kz