MMA жауынгерлері Naiza Fighting Championship 29 турнирінің алдында көз шақыстыру дуэлін өткізді

0

26 ақпан күні NFC промоутерлік компаниясының өкілдері журналистер және ивент қатысушыларының қатысуымен баспасөз-конференциясын өткізді, оның шеңберінде аралас жекпе-жек шеберлерінің көз шақыстыру дуэлі орын алды. Жекпе-жек кешіне Қазақстан, Қырғызстан және Ресейден барлық саны 20 жауынгер қатысады. Кештің басты оқиғасы DAR TEAM PRO командасының қазақстандық файтері Жұман Жұмабеков пен ресейлік Вадим Малыгиннің жекпе-жегі болмақ, олар жеңіл 61,2 кг салмақ дәрежесіндегі белдікке таласады.

БАҚ өкілдеріне арналған іс-шараға NFC промоушнының президенті Нұрбек Қарабала, DAR TEAM PRO (Қазақстан) командасының жауынгері Жұман Жұмабеков және оның Ресейден келген қарсыласы Вадим Малыгин, сондай-ақ файтерлер — Манас Темірбеков (Қырғызстан) және Серік Разгалиев (Ресей) қатысты. NFC лигасының MMA сериясы 27 ақпанда Алматыда басталады, оның барысында 10 кәсіби жекпе-жек өтеді. Іс-шараны ұйымдастырушылар кештің көз тартарлық оқиғаларға, жарқын жеңістерге және кең талқыланатын шайқастарға толы болатынына сенімді.

«Отандық ММА жаңа деңгейге көтеріліп, биік белестерді бағындыруда. Біздің сайыстарға деген жауапкершілігіміз артқан сайын қатарымызды әртүрлі салмақ дәрежесіндегі жауынгерлер толықтыруда, олар аралас жекпе-жектің жанкүйерлеріне ұмытылмас эмоциялар мен әсерлі шайқастарды сыйлауға 100% дайын. Біз аудиторияның қазақстандық ММА-ға, сондай-ақ NFC аясындағы жекпе-жектерге деген қызығушылығының артып келе жатқанын түсінеміз және айқын көріп отырмыз және бұл жайт бізді қуантады», — деп атап өтті NFC промоушнының президенті Нұрбек Қарабала. 

DAR TEAM PRO командасының капитаны Жұман Жұмабеков алдағы жекпе-жекке сақадай сай, ол текетіреске дайындығының қалай өткені туралы әңгімеледі.

«Мен 100%-ға дайынмын. Мен октагонға шығып, белбеудің Қазақстанда қалуы үшін қолымнан келгеннің бәрін жасаймын. Қарсыласым байсалды спортшы, жекпе-жек қиын болуы мүмкін, дегенмен жеңістің туын желбіретемінАл Вадимге бұл шайқастың жарақатсыз аяқталуын тілеймін. Дайындығын машықтасын және әзірге тынығып алсын. Жекпе-жектен кейін бесбармақтан тәм таттыруға уәде беремін», — деді Жұман Жұмабеков.

Естеріңізге сала кетейік, кештің басты оқиғасы Жұман Жұмабеков пен Вадим Малыгиннің жекпе-жегі болмақ.

«Менің мотивациям мықты, өз күш-жігеріме сенемін және тек жеңіске бағыт аламын. Жұманды мықты қарсылас деп бағалаймын, оның тәжірибесі мол, ол тұра текетіресуде де, партерде де шебер», — деп түсіндірді Вадим Малыгин.

Naiza Fighting Championship 29 ивентінің екінші деңгейлі оқиғасы ретінде Манас Темірбеков пен Серік Разгалиевтің арасындағы жекпе-жек саналады.

Тікелей эфир Нұр-Сұлтан уақытымен 19:00-де басталады және ивентті Naiza TV Youtube арнасынан тамашалауға болады.