«Милан» Гаттузоға жаңа келісімшарт ұсынады

0

«Милан» футбол клубының басшылығы команданың бас бапкері Дженнаро Гаттузоға жаңа келісімшарт ұсынуы мүмкін, деп хабарлайды prosports.kz.

Шетелдік ақпарат құралдарының мәліметінше, чемпионаттың екінші жартысында команданың нәтижесі жақсарғандықтан, клуб басшылығы бапкерге ризалық танытып отыр. Әрі оның 2021 жылға дейін жарамды келісімшартының уақытын ұзартқысы келеді.

Айта кетейік, «Милан» қазір Италия А сериясында үздік төртінші орында тұр.



Дереккөз: prosports.kz/kz