Михал Билек — футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері

0

Чехиялық маман Михал Билек футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Билек бұл маусымда «Фастав Злин» командасын тізгініне алған болатын.

Бапкер Чехия, Словакия, Коста-Рика және Грузия чемпионатттарында қызмет жасаған. 2009-2013 жж аралығында Чехия ұлттық құрамасының бас бапкері қызметін атқарған. 

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Станимир Стоилов Қазақстан ұлттық құрамасы бас бапкері тізгінінен кеткен болатын.



prosports.kz