Михаил Кукушкин Марсельдегі турнирде топ жара алмады

Қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин Марсельде (Франция) өткен ATP 250 санатындағы турнирде топ жара алмады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Отандасымыз ақтық сында Греция спортшысы Стефанос Циципасқа есе жіберді.
1 сағат 59 минутқа жалғасқан кездесу 7:5, 7:6 (7:5) есебімен аяқталды.
Дереккөз: prosports.kz/kz