Михаил Кукушкин Марсельдегі АТР 250 турнирінің жартылай финалына өтті

0
110

Ресейлік теннисші Андрей Рублев Марсельдегі АТР 250 турнирінің жартылай финалына өте алмады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Рублев ширек финалда қазақстандық теннисші Михаил Кукушкиннен 4:6, 1:6 есебімен ұтылды.

Кукушкин ресми матчтарда үшінші рет қатарынан Рублевті жеңіп отыр.

АТР 250 турнирінің финалына шығу жолында Марселе Кукушкин неміс Маттиас Бахингер (Q) мен француз Уго Умбер (WC) кездесуінің жеңімпазымен ойнайды.



Дереккөз: prosports.kz/kz