Михаил Кукушкин ATP рейтингісінде үздік 40 спортшының қатарына енді

0

Қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин АТР әлемдік рейтингінде тұңғыш рет алғашқы 40 спортшының қатарына кірді деп жазады Olympic.kz. 

Марсельде өткен АТР 250 турнирінің финалына жеткен ол өз көрсеткішін жақсартып, АТР рейтингінде 39-шы орынға көтерілді. Марсельдегі турнирдің жартылай финалында ол франциялық Уго Умберді ұтқан болатын. 

Финалдық кездесуде Кукушкин грекиялық Стефанос Циципастан екі сет қорытындысы бойыншы жеңіліс тапты. 

Михаил Кукушкин бұрын-соңды үздік 40 теннисшінің қатарына енбеген болатын



Дереккөз: prosports.kz/kz