Месси – «Барселона» сапында рекорд орнатты

0
41

Аргентиналық сұрмерген Лионель Месси «Барселона» командасы сапында қол жеткізген жеңістер саны бойынша клуб рекордын орнатты.

«Бетиске» қарсы ойында хет-трик жасаған футболшы командасына жарқын жеңіс сыйлады. Лионель Месси «Барселона» сапында (барлық турнирлерді қоса алғанда) 477-ші жеңісін тойлады. Нәтижесінде осыған дейін үзеңгі қағыстырып тұрған Хавиді (476 жеңіс) басып озды. Аргентиналық ойыншыға рекорд тіркеу үшін 647 ойын жеткілікті болды. Ал Хави өз рекордын 767 ойында тіркеген.



Дереккөз: prosports.kz/kz