Менеджер Андре Уордтың рингке оралу мүмкінідігі жайлы айтып берді » Vesti.kz

0
Екі салмақта бұрынғы әлем чемпионы Андре Уордтың (32-0, 16 КО) менеджері Джеймс Принс америкалық боксшының карьерасын жалғастыру мүмкінігі туралы айтты, — деп хабарлайды «Чемпионат».

«Өте табысты болдық. Ол рингтен бай адам боп кетті және барлығына үзіліс жасады. Ешқашан да нақты айта алмайсың, мүмкін жалғасы бар. Қазіргі таңда Уорд жұдырықтасуын тоқтатқан спортшы. Бірақ ештеңеге нүкте қоюға болмас. Лайықты жағдай туып жатса, бәрі де мүмкін», — деп келтіреді Принстің сөзін BoxingScene.

Уорд карьерасын аяқтағаны туралы 2017 жылы мәлімдеген. Соңғы екі жекпе-жегінде ол ресейлік Сергей Ковалевпен (32-3-1) жұдырықтасып, бірде төрешілер шешімімен, бірде техникалық нокаутпен жеңген. Осылайша, Уорд бұған дейін жеңілмеген ресейлік боксшының барлық белбеуін тартып алған.

Айта кетейік, америкалық екінші орта салмақта жұдырықтсқан жылдары қазақстандық Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) үшін қарсылас атануы мүмкін болатын, әрине, GGG жаңа категорияға өткен жағдайда.