Мейвезера мен Нурмагомедовтың жекпе-жегі бір минутқа не 30 секундқа ғана созылады » Vesti.kz

0
85
Golden Boy Promotions компаниясының президенті Оскар де ла Хойя бокстан әлем чемпионы Флойд Мейвезер ММА-ға ауысып қоғамның назарын өзіне аудармақшы деп ойлайды. Оның айтуынша, бұл жекпе-жек еш уақытта еш жерде ұйымдастырылмайды, – деп хабарлайды MMAJunkie.

«Флойда бар болғаны қоғамның өзіне назар аударғанын қалап отыр. Менің ойымша, ол еш уақытта октагонға кірмейді. Арнайы ол үшін ереже жасау – кұлкілі. Егер жұдырықтасқың келсе, шаршы алаңға шық. Егер  тебуге және күресуге болмайтын болса ММА файтері болып не керегі бар, ережені бір адам үшін жасаудың не қажеттілігі бар?

Меніңше ол боксшы болып қала беруі тиіс. Бұл оның қолынан келетін ең жақсы іс. Егер ол октаглнда Нурмагомедовпен төбелесетін болса, біз бәріміз де не болатынын білеміз. Бұл кездесу бір минуттан соң не 30 секундтан кейін аяқталады.

Флойд – өзіне қай уақытта қажетті қарсыласты таңдай білетін боксшы. Конор МакГрегорға қарсы өткізген жекпе-жегінде мен қарсы болғанымын, себебі бұл Конорға жасалған әділетсіздік болды. МакГрегор боксшы емес, ол 12 раунд бойы жұдырықтасуға дайын емес. Флойд өзіне тиімді істерді жасайды», – дейді де ла Хойя.