Мәскеулік ЦСКА байқауында болған қазақстандық Еуропаға кетуі мүмкін » Vesti.kz
20 жастағы футболшының өкілдері бірнеше польшалық клубпен келіссөз жүргізіп жатыр. Олардың арасында жоғары лиганың екі командасы бар — «Краковия» және «Заглембе».
Қараша соңында Наджарян «Шахтермен» келісімшартын 2019 жылдың аяғына дейін созған.
«Шахтер» тәрбиеленушісі Наджарян ересектер деңгейінде 2015 жылдан ойнай бастады. Сол кезде хавбек мәскеулік ЦСКА-ға шақырту алып, клубтың байқауына қатысқан. Кейін екі жыл «Астана» сапында болды, алайда, алаңға сирек шығып отырды.
2017 жылы жазда Наджарян «Шахтерге» қайта келді. ҚПЛ-дің өткен маусымында ол кеншілер үшін 25 матч өткізіп, бір нәтижелі пас берді және екі гол салды. Жастар арасындағы Еуро-2019 іріктеу циклінде ол алаңға тұрақты шығып тұрды және Қазақстан үшін тоғыз матчте бір гол салды.