Маңғыстауда самбодан ел чемпионаты мәресіне жетті

0
89

Ақтауда Самбо күресінен 2001-2002 жылы туған жасөспірім ұл-қыздар арасында Қазақстан чемпионаты мәресіне жетті. Ел біріншілігінде үш қала мен он төрт облыстан барлығы 500-ге тарта балуан өнер көрсетті, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне Қазақстан Республикасы «спорт шеберіне үміткер» атағы берілді. Биылғы чемпионатқа рекордтық көлемде 500-ге тарта ұл мен қыз келген. Олар 20 салмақта өзара мықтыны анықтады. Жарыстың алғашқы күні 48, 52, 56, 60 , 65 келіде чемпиондар анықталды. 48 келіде сынға түскен маңғыстаулық Нұрсұлтан Жұбатхан чемпион атанды. Чемпион іріктеу кезеңінде әлем чемпионатының жүлдегері қызылордалық балуаннан басым түсті. Ал финалда ақтөбелік қарсыласына айла қалдырмады.

Екі күнге жалғасқан жарыс қорытындысында 3 алтын, 2 күміс және 3 қола медальмен маңғыстаулық самбошылар көш бастады. Жарысты Алматы облысы екінші , Атырау облысы үшінші болып аяқтады. Жарыс қорытындысында жеңімпаз атанған балуандар қазан айында Ташкентте өтетін әлем, Тайпейде өтетін Азия чемпионатында ел намысын қорғайды.



Дереккөз: prosports.kz/kz