МакГрегорге жекпе-жектердегі «ең үлкен мөшек» деген ат берді

0
Бокстан бұрынғы әлем чемпионы Пол Малиньяджи екі салмақ дәрежесінде UFC ұйымының бұрынғы чемпионы Конор МакГрегормен сөзбен түйресуді қояр емес, — деп хабарлайды «Чемпионат».

Флойд Мейвезермен жекпе-жекке дайындық кезінде ирландиялық Малиньяджиді нокдаунға түсірген суретті жариялағаннан кейін боксшы мен файтер бірін-бірі жақтырмайтын болды. Полдың сөзінше, сурет шындыққа сай келмейді. 

«Конор менімен жұдырықтасқысы келеді. Олай еткісі келсе, шынайы кадрларды көрсетер еді. Ол фотосуретті неге басқа қырынан көрсетті? Оған дейін не болғаны белгісіз. 

Ол әлі де солай болған дейді. Ал расында оның командасында ешқандай дәлел жоқ. Олар бұл оқиғаны сата бергісі келеді, өйткені оған сүмелектер ғана сенеді, ол ешкімге керексіз қаңғыбас. Ол өзн жақсы жарнамалайды, сондықтан адамдар алданып келеді. 

Мен бабымда болмадым және спаррингке 24 сағат қалғанда келістім. Бұл жақсы спарринг болды дер едім. Ол Флойд Мейвезермен жекпе-жекке үш ай қалғанда, бірнеше ай ештеңе істемей, диваннан жаңа тұрған жігітпен 12 раунд жұдырықтастым деп қалай айта алады?

Менімен шынымен жұдырықтасса не боларын білмеді деп ойлайсыздар ма? Қойыңдаршы, бұл бос сөз. Соңғы екі-үш жылда оның жетістігі — жекпе-жектегі ең үлкен қаңғыбас атағы», — деп келтіреді Малиньяджиді BoxingScene.